Елордалық жас әнші Меладзенің командасына қосылды
Елордалық жас әнші Меладзенің командасына қосылды
5,135
оқылды

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Полина Тырина Ресейдегі «Голос» шоуының қарамай таңдау кезеңінен өтті,-деп хабарлайды Ресейдің Бірінші арнасы.

Полина Николай Зубовтың «Не уходи, побудь со мной» романсын орындады.

 «Сіздің «Не уходи, побудь со мной» деп сенімді шырқағаныңызды мен өзіме арнағандай шынайы қабылдадым. Мен кетпеймін, сізбен жұмыс істеуге дайынмын»,– деді композитор әрі продюсер Константин Меладзе.

https://youtu.be/EMcwsXThx2o

Ресейдің Бірінші арнасына берген сұхбатында Полина бала күнінен концерттерге, ән кештеріне қатысатынын айтқан.

«Неге музыкалық біліміңіз жоқ деп барлығы сұрайды. Мамандық таңдау мәселесі тұрғанда өзіме сенімді болған жоқпын. Бала туған соң ғана тек музыкамен айналысуым қажет екеніне көзім жетті»,– дейді Полина.

Полина Тырина – «Almas» дуэтінің қатысушысы. Әсем Әбдіқасымовамен бірге 9 тілде: қазақ, орыс, ағылшын, француз, португал, итальян, испан, поляк, украин тілдерінде ән айтады.

2019 жылдың басында олар «FRANÇAIS À LA KAZAKH» («ҚАЗАҚША ФРАНЦУЗ ТІЛІ») атты альбом шығарды. Оған француз тіліне аударылған қазақтың 5 халық әні, олардың тұпнұсқалары, сондай-ақ бұрын жарияланбаған французша 5 авторлық әні кірген.

Полина елордадағы политехникалық колледжді бітірген, туризм менеджері.