Бейнежазба 2 қарашада SHERIFF Almaty арнасында «Зацеп метро Алматы» деген атаумен жарияланған.
Видео авторы метроның артқы жағындағы тіркемесіне жабысып алып, «Алмалы» стансасынан бастап «Абай» стансасына дейін жеткен.https://www.youtube.com/watch?v=HRze9w63J-4&ab_channel=SheRIFFAlmaty Осы оқиғаның анық-қанығын полиция тергеуден соң жарияламақ.«Метрополитеннің» баспасөз қызметі: «Жолаушыларға қызмет көрсететін кезекші бұл кезде қарама-қарсы платформада кеткен жолаушыларды шығарып салып тұрған. Осы уақытты пайдаланып блогер пойызға жабысып алып кетіп қалған. Қауіпті эксперимент видеокамераларға түсіп қалды», – деп мәлімдеді.