Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бес жасар қыз Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығына 4 қараша күні кешке жеткізілді.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда жолаушылар автобусы бес жасар қызды қағып кеткенін хабарлаған болатынбыз.Басқарма өкілі: «Жол апатынан жарақат алған кішкентай қызды мамандар толық тексеріп шықты. Оның жағдайы орташа деп саналады. Оған жабық бас ми жарақаты, мидың шайқалуы диагнозы қойылды. Оны ауруханаға жатқызып емдеу ұсынылды, бірақ ата-анасы ауруханаға жатудан бас тартты», – деп хабарлады.