Тіс дәрігерінің балаға істеген дөрекі әрекеті видеоға түсіп қалды

Тіс дәрігерінің балаға істеген дөрекі әрекеті видеоға түсіп қалды

Желіде Ақтаудағы тіс дәрігерінің балаға жасаған жауыздық әрекетінің видеосы жарияланды. Бейнебақылау камерасындағы көріністен дәрігердің науқас балаға дөрекі қарағаны анық көрініп тұр. Бұл туралы lada.kz сайтында жарияланды.

Оқиға 1 қарашада Маңғыстау облыстық стоматологиялық орталығында болған.

https://youtu.be/5darGos1pHI

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, баланың анасы оқиғадан кейін дереу полицияға жүгінген.

– Бұл оқиға біздегі мәліметтер дерегі кітабына тіркелді. Тексеру жүргізіліп жатыр,– деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.