Үздік 1 мың оқушыға арналған жоба
Үздік 1 мың оқушыға арналған жоба
182
оқылды

Үкіметтің жұмыс тобы Ақтөбеге келіп, Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай орындалып жатқанын, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Жұмыс тобында Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Ботагөз Жақсылықова, Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Елдос Рамазанов, Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары Данияр Есин бар.

–Тұңғыш Президент қорымен бірге «Ел үміті» жобасы дайындалып жатыр. Ең кем дегенде 1 мың дарынды баланы таңдап алып, жағдай жасаймыз. Яғни, мемлекеттік грантпен оқып, жұмысқа орналасуына мүмкіндік туады. Ақтөбеде бірінші рет республика бойынша бастау алады,– деді Бердібек Сапарбаев.

Сондай-ақ, вице-премьер қала мен ауыл мектептерінің білім сапасын теңестіру мақсатында ауқымды жұмыс атқарылатынын айтты. Ол үшін ауылдағы мектептердің материалдық базасын нығайту қажет.

«Еліміз бойынша 32 апаттық жағдайдағы, 111 үш ауысымды мектеп бар. Алдағы үш жылда мұны жоюымыз керек. Ауыл мектептеріндегі мұғалімдердің де сапасын арттырған жөн»,–деді ол.