Праймериз саяси қызметке араласуға жол ашқан тиімді лифт болғанын көрсетеді - Берік Оспанов
Праймериз саяси қызметке араласуға жол ашқан тиімді лифт болғанын көрсетеді - Берік Оспанов
5,114
оқылды
Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Оспанов праймеризге қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды. 
"Мен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі ретінде праймеризді мұқият бақылап отырдым. Партия ішіндегі іріктеуге көптеген жаңа және жігерлі азаматтар қатысқанына қуаныштымын. 10 000-нан астам кандидат праймеризге адал, ашық саяси күресте жеңіс үшін бәсекеге түсті. Дауыс беруге Шымкент қаласы бойынша 29 414 және Түркістан облысы бойынша 72 973 партия мүшесі қатысты. Түркістан облысында праймеризге қатысқан 1000-нан астам үміткердің 163-і партияға жаңадан мүше болған болса, Шымкент қаласында 151 үміткер қатысқан. Бұл қарапайым азаматтар үшін партияішілік сайлау саяси қызметке араласуға жол ашқан шын мәніндегі тиімді лифт болғанын көрсетеді. Үміткерлердің кейбіреулеріне мен өз кеңестерімді беріп, Парламенттегі жұмыс тәжірибеммен бөлістім. Жалпы, олардың қатарында болашақта аға буынды алмастыратын жас, жігерлі жастардың болуы қуантады. Ал праймеризде жастар үшін 20%-тік партиялық квота енгізу Партия төрағасы – Елбасы тарапынан жастарға деген үлкен қолдау болды.
Жасыратыны жоқ, Шымкент пен Түркістан – халық саны көп, қарқынды дамып келе жатқан қалалар. Болашақта екі қала да бүкіл Оңтүстік Қазақстанның локомотиві болуға тиіс.
Шымкент бүкіл Орталық Азия өңіріндегі нағыз экономикалық оазис болуы мүмкін.
Түркістан, өз кезегінде, біздің еліміз үшін ғана емес, бүкіл түркі және мұсылман әлемі үшін ерекше қасиетті мәнге ие. Қала ежелгі тарихқа толы және Қазақстан Республикасының басты туристік бағыттарының бірі бола алады.
Бұл екі фактор өңірді азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесін пысықтауды талап етеді.
Қолайлы климат және құнарлы жер ауыл шаруашылығы дақылдарының көптеген түрлерін өсіруге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы ретінде мен үшін оңтүстік өңірінің аграрлық секторы мен кәсіпкерлік саласын дамыту мәселесі ерекше өзекті.
Сондықтан, мен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып қайта сайлану үшін пікірсайысқа қатысамын деп шештім. Бұл маған болашақта өлкемнің мүддесін қорғауға, бүкіл Оңтүстік өңірінің бірлесіп табысты дамытуға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Пікірсайыс барысында мен басқа кандидаттардың өңірдің өзекті мәселелерінен хабардарлығын байқауға, сондай-ақ өз тәжірибеммен бөлісуге мүмкіндік алып, өзім үшін жаңа көзқарастармен таныс болатыныма сенімдімін", -  деп жазды ол.