АҚШ-тың мемлекеттік қарызы кезекті рекорд жасады – 23 трлн доллар
АҚШ-тың мемлекеттік қарызы кезекті рекорд жасады – 23 трлн доллар
5,092
оқылды

АҚШ-тың мемлекеттік қарызы рекордтық $ 23 трлн-ға жетті, деп хабарлайды Zakon.kz Америка Құрама Штаттары Қазынашылық департаментіне сілтеме жасап.

АҚШ көшбасшысы Дональд Трамп қызметке кіріскен кезде қарыз 20 трлн доллардан аз болған. Алайда, биыл федералды бюджеттің тапшылығы шамамен триллион долларды құрады.

Трамп пен республикашылардың 2017 жылғы салық реформасы оны онжылдықта екі триллионға арттыруы керек. Қорғаныс шығындары өсуде – Пентагонның бюджеті жылына 700 миллиард долларды құрайды.

Америкалық экономистер бұл көрсеткіш 2026 жылға қарай 30 триллион долларға жетеді деп болжайды.