Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы тағайындалды
Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы тағайындалды
175
оқылды
Талғат Қойбақов ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
«Мемлекет басшысының өкімімен Талғат Мамыртайұлы Қойбақов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы қызметіне тағайындалды», - делінген ақпаратта.
Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Марат Рахымұлы Құсайынов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы қызметінен босатылды.