Ақтаулық тіс дәрігері кешірім сұрады

Ақтаулық тіс дәрігері кешірім сұрады

Кішкентай балаға күш қолданған маңғыстаулық тіс дәрігері Төлеген Мұхамбетов кінәсын мойындап, кешірім сұрады,-деп жазады lada.kz.

«Кешегі болған жағдайға байланысты кінәмді мойындаймын. Кеше барып анасынан кешірім сұрадым, бүгін тағы кешірім сұрадым. Бүкіл елден кешірім сұраймын»,– деді Т. Мұхамбетов.

Дәрігердің айтуынша, әйел төрт баласымен облыстық стоматологияға келіп, кезектен тыс қабылдауын сұраған. Дәрігер қабылдаған. Бірақ, баланы емдеу орындығына отырғыза алмаған. Содан кейін қарындасын қабылдап, оның екі тісін жұлған. Ал бала көнбей қойған соң, анасымен бірге кабинеттен шығарған. Біраздан соң олар тағы кірген, бұл жолы да бала көнбей, анасын тыңдамаған.

«Баланы шектен тыс жұлқығаным көрініп тұр. Бірақ ұрған жоқпын. Кішкене қорқытып, тісін жұлып берейін деген ой болған»,– дейді тіс дәрігері.

https://youtu.be/5darGos1pHI

lada.kz-тің жазуынша, Маңғыстау облысының дәрігерлер қауымы Мұхамбетовтің бұл қылығын құптамаған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, оған қатысты қызметтік тексеріс жүргізіледі.