Жамбылда театр мен мешіттің жұмысына рұқсат берілді
Жамбылда театр мен мешіттің жұмысына рұқсат берілді
139
оқылды

Жамбыл облысында карантиндік шаралар жеңілдетіліп, театрлар мен мешіттердің жұмысына рұқсат берілді. Бұл жайында Өңірлік коммуникациялар қызметі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сүйеніп хабарлады.

5 қараша күні Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Салтанат Алибаеваның № 40 «Жамбыл облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысы жарияланды. Онда театр мен мешіт жұмысына рұқсат берілуімен қатар, екінші тоқсаннан бастап қалалық және ауылдық аймақтағы контингенті 300 оқушыға дейінгі мектептер дәстүрлі оқу форматына көшірілетіндігі айтылған. Алайда сыныптардағы балалардың саны 15-тен аспауы керек. Жалпы білім беретін мектептерде 1-5 сыныптар, халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейін кезекші кластарда оқытуға рұқсат етілді. Осылайша Жамбыл облысында карантиндік шаралар кезең-кезеңімен жеңілдетілуде. Бұл әрине жанға жылу беретін жаңалық.

Саятхан Сатылған, Жамбыл облысы