Екатерина Быкова «алтын» алды
Екатерина Быкова «алтын» алды
5,150
оқылды

Ауыр атлетикадан Беларусь мемлекетінде өтіп жатқан халықаралық турнирде қазақстандық Екатерина Быкова жеңіске жетті.

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті хабарлағандай, 71 келі салмақта сынға түскен ол қоссайыс қорытындысы бойынша 210 келіні бағындырды (93+117). Күміс медальді польшалық Иоланта Вьор (195 келі), қола жүлдені израильдік Марина Оман (175 келі) иеленді.

Айта кетейік, ауыр атлетикадан Alexander Cup рейтингілік турнирі Гродно қаласында өтуде.

Бұған дейін 55 келідегі Зүлфия Чиншанло қола жүлде жеңіп алған.