Жүз адамды өлтірді деп айыпталған президент оставкаға кетті
Жүз адамды өлтірді деп айыпталған президент оставкаға кетті
5,133
оқылды

Мемлекет ретінде тәуелсіздігін алмаған Косово республикасының бесінші президенті Хашим Тачи отставкаға кетті.

РБК хабарлағандай, ол шешімін баспасөз конференциясында жариялады.  

Президент Тачи Гаагада әскери қылмыстар және адамзатқа қарсы қылмыстарға айыптауға қатысты сотта жауап беру үшін қызметінен кетті. Тачи "президенттіктің тұтастығын қорғау үшін" осындай қадамға барғанын айтты.

  Лентаның хабарлауынша, 24 маусымда Гаагада Тачиды әскери қылмыстар және адамзатқа қарсы қылмыстар жасады, соның ішінде 100 адамды өлтірді, көптеген адамды  қинады, ұрлады және аңдыды деген айып тағылды.