Илон Маск бір аптада 2 млрд доллар пайда тапты
Илон Маск бір аптада 2 млрд доллар пайда тапты

SpaceX және Tesla негізін қалаушы Илон Масктың байлығы бір аптада екі миллиард долларға өсті,– деп хабарлайды Forbes басылымы.

23 қазан күні биржалар жабылғаннан кейін Масктың акцияға шаққандағы пайдасы $ 1,86 құрады. Нәтижесінде, Tesla-ның пайдасы 342 миллион болды, Басылымның мәліметінше, 31 қазандағы сауда-саттық аяқталғанға дейін бір апта бұрын Tesla бағалы қағаздары 24 пайызға қымбаттады, соған байланысты Масктың табысы екі миллиард долларға (22,9 миллиардқа дейін) өсті.

Айта кетейік, Илон Маск Тесланың 22 пайызына иелік етеді.