Әлеуметтік желіде өзгені қорлаған петропавлдық сотталды
Әлеуметтік желіде өзгені қорлаған петропавлдық сотталды
Петропавл қалалық соты әлеуметтік желі арқылы өзгені кемітіп, қорлаған ер адамға үкім шығарды. Петропавл қалалық сотының мәліметінше, 28 мамыр күні Қуатбек Иманбеков Алматы қаласында отырып, ар-ожданға нұқсан келтіру мақсатында «Facebook» әлеуметтік желісінде С. деген азаматқа қатысты әдепсіз жазба қалдырып, қорлаған. Қуатбек Иманбековке қатысты қылмыстық іс сотта қаралды. Сотталушы өз кінәсін мойындады. Айтуынша, бұл әрекетке баруына С. итермелеген. Өйткені қылмыс жасағандарды жауапкершіліктен босатқан. Қ. Иманбеков өз жазбасы арқылы оның абыройын төккені үшін кешірім сұрады. Петропавл қалалық соты 4 қараша күні Қ.Иманбековті кінәлі деп тапты. Сот үкімі бойынша енді 100 АЕК мөлшерінде – 277 800 теңге айыппұл төлейді. Сондай-ақ Иманбеков тұрғылықты жері бойынша мәжбүрлі түрде психиатрға тексеріліп, амбулаторлық емдеуден өтеді.