Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Той тоқтамай тұр

«Айқын» ақпарат
Қараша 6, 2020
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
той
68
қаралым

Карантин кезінде санитарлық талаптың сақталуын бақылау мақсатында жүргізілген рейдтік іс-шара кезінде ескертуді елемей ұйымдастырылған 19 дәстүрлі отбасылық той тоқтатылып, шектеу шараларының шегінен шыққан 6 компьютерлік ойын-сауық орталығына анықтама тол­тырылып, шара көрсету үшін уәкілетті органға жолданды.

Рейд барысында қала орта­лығындағы Esperanza мей­рамханасы, С.Торайғыров кө­шесі мен Астана даңғылында жеке аулада ұйымдастырылған үй­лену тойлары, Қосасар және Каспий көшелеріндегі құда­лық тойлары тоқтатылып, «Бун­кер», «Совор», I game плес­тейшин және компьютерлік орта­лықтарының жұмыс істеп тұр­ғаны белгілі болып, ойын-са­уық орталығының әкімшісіне анық­тама толтырылды. Бүгінге дейін мониторинг тобы 10 000-ға жуық нысанды аралап, рейд жұ­мыс­тарын жүргізді. Қазіргі таң­да қалалық Тауарлар мен көр­сетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бас­қармасы  тарапынан карантин ре­жимін сақтамаған 134 тұлғаға әкім­шілік хаттама толтырылып, шара қолданылды.

6 шілдеден бастап бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынды.Той өткізуші адамдар Әкім­шілік құқықбұзушылық ко­дексінің 425-бабы, яғни «ха­лық­тың санитарлық-эпи­демиологиялық саладағы заң­нама талабын бұзу» бойынша жауапқа тартылатын болды. Той-думанды өткізушілер мен ұйымдастырушыларға салынатын айыппұл аз емес. «Бірінші рет болса, шамамен 83 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. Тәртіп бұзушыға 5,5 миллион теңгеге дейін айыппұл салынады немесе 10 жылға дейін бас бос­тандығынан айырылады. Қауіпті вирустың емі әзірге шыққан жоқ. Сол себепті қатаң қағида, темірдей тәртіп басты ұстаным болуы тиіс екенін әлі де жете түсінбейтін секілдіміз.

Коронавирус пандемиясына байланысты елде төтенше жағ­дай жарияланған сәтте онлайн той жасау ұсынылды. Әлихан Қарымсақов есімді желі қол­данушысы  YouTube арнасына қы­зықты видео жүктеген. Кадрда Олжас атты асаба   WhatsАpp-тан «Еркеш Сандина үйлену  18.00» деген атаумен топ ашып, оған шаңырақ көтергелі жатқан жастардың ата-ана, туған-туыс­тарын қосқан. Әрине, ви­део әзіл ретінде түсірілген. Де­генмен онлайн тойды шынайы өткізгендер де бар. Мәселен, елдегі алғашқы онлайн режимдегі той Нұр-Сұлтан қаласында өтті. Жас жұбайлар тойды  наурызға жоспарлаған. Алайда елдегі қиын ахуалға байланысты ешкімге қауіп төндірмеуді шешкен. Екі жақтың ата-анасы балаларының бақытын бай­ламай, видео қоңырау ар­қылы  ақ батасын  беруге ке­ліскен тағы бір той  Zoom плат­формасы арқылы жасалды. Келін Оралдан, күйеу Оңтүстік Кореядан, ал жастардың ата-анасы, туыс-туғандары еліміздің өзге қалаларынан онлайн шығып, екі жасқа тілектерін айтты. Өзге елдерде де тойды онлайн өткізу жиілеген. Жалпы, пандемия бүкіл жоспарды бұзғанымен, мейлі дәстүрлі, мейлі онлайн болсын, той өткізуге кедергі келтіре алмаған секілді. Карантин талабын күшейтпесе, жасырын түрде жасалып жатқан тойларға шағым айтудың  қажеті жоқ деген де пікірлер жиі айтылады. Себебі үлкен қалаларда базарлар мен супермаркеттерде адам толып жүр. Азық-түлік пен дәрі-дәрмек сатылатын орындардың ашық болуы халық үшін қажет. Ал қауіпті індет қарқын алған тұста дүркіретіп той тойлау адамдық қасиетке де, карантин талаптарына да жатпасы анық.

Тағы бір қалада карантин күшейтілді

Алматы облыстық соты карантинге жабылды

Елорда «қызыл аймаққа» өтті

М.БАЙНАЗАР,
Қызылорда облысы

 
Тегтер: карантинойын-сауықотбасылық тойрейдтойшектеу
Алдыңғы жаңалық

КамАЗ карьерге құлап, 2 адам қайтыс болды

Келесі жаңалық

Әжесі мен әкесін өрттен құтқармақ болған ер адам өзі де қайтыс болды

Ұқсас жаңалықтар

Барыс
Жаңалықтар

Елордалық «Барыс» сырт айдында Мәскеулік «Динамоны» жеңді

Қаңтар 22, 2021
SMS
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда жолақыны SMS арқылы төлеу тоқтатылады

Қаңтар 22, 2021
облыс
Қазақстан

Еліміздің бес облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қаңтар 21, 2021
зейнеткер
Жаңалықтар

СҚО-да жоғалып кеткен зейнеткердің денесі табылды

Қаңтар 21, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Елордалық «Барыс» сырт айдында Мәскеулік «Динамоны» жеңді

Қаңтар 22, 01:08

Нұр-Сұлтанда жолақыны SMS арқылы төлеу тоқтатылады

Қаңтар 22, 00:21

Еліміздің бес облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қаңтар 21, 23:47

СҚО-да жоғалып кеткен зейнеткердің денесі табылды

Қаңтар 21, 23:10

«Ордабасы» клубына жаңа бапкер келді

Қаңтар 21, 22:44

Әскерге шақырылғандарды SMS хабарлама арқылы хабардар етеді

Қаңтар 21, 22:18

Қарттар үйіндегі өрттен 15 адам көз жұмды

Қаңтар 21, 21:45
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Барыс

Елордалық «Барыс» сырт айдында Мәскеулік «Динамоны» жеңді

Қаңтар 22, 2021
SMS

Нұр-Сұлтанда жолақыны SMS арқылы төлеу тоқтатылады

Қаңтар 22, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»