Солтүстік, батыс және оңтүстік-батысында циклонның әсерінен кей жерлерде жауын жауады.
Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейіп, солтүстігінде көктайғақ болады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, күндіз жел секудына 15-20 метрге дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының түнде және таңертең кей жерлерінде тұман түсіп, Павлодар облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Ақмола, түнде Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен еседі. Алматы облысының күндіз Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Батыс Қазақстан, түнде Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде, Атырау облысының батысында тұман түседі.