Альварес: Головкинмен жекпе-жекке шығуға құлқым жоқ
Альварес: Головкинмен жекпе-жекке шығуға құлқым жоқ
5,149
оқылды

Орта, екінші орта және жартылай ауыр салмақ дәрежелері бойынша әлем чемпионы Сауль Альварес Геннадий Головкинмен өтуі мүмкін жекпе-жек туралы сұрақтарға жауап берді. Бұл жайында Prosports.kz. хабарлады.

 «Канело» - бұл кепілдік! Головкинмен жекпе-жекке шығуға құлқым жоқ. Алайда бизнес хақында жақсы ұсыныстар болса, көрерміз», - деді Альварес.

Еске сала кетейік, бүгін Лас-Вегастағы MGM Grand кешенінде өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде Сауль Альварес пен Сергей Ковалев кездескен болатын. 12 раундқа жоспарланған жекпе-жек 11 раундта аяқталды. Сауль Альварес Сергей Ковалевті нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті. Осылайша, Канело төртінші салмақ дәрежесінде чемпион атанды.