Трамп Қазақстанға келдім деп неге өтірік айтады?
Трамп Қазақстанға келдім деп неге өтірік айтады?
110
оқылды

BusinessInsider басылымы АҚШ-тың Қорғаныс министрінің спичрайтері Гай Снодграсстың Holding the Line: Inside Trump's Pentagon with Secretary Mattis кітабында жарық көрген үзіндіні жариялады. Бұл туралы Tengrinews.kz порталы хабарлады.

Кітапта 2018 жылы Ауғаныстанға көмектесуге арналған Пентагондағы жиында сөз алған Дональд Трамптың пікірі жазылған. Онда олар әскери шығындарды талқылап, бюджет төңірегінде сөз таластырған. Сондай талқылаулардың бірінде, Трамп: «Біз шынында өзімізге көмек көрсеткіміз келмейді. Бірақ басқаларға қол ұшын созудамыз. Қазақстанның бай мемлекет екенін сіздер жақсы білесіздер. Менің ол елге жасаған соңғы сапарымда олардан көп алғыс естідім. Алайда неге олар бізге төлемейді? Неге олар күрсепейді?» – делінген үзіндіде.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл жазбаға түсініктеме беріп, Трамптың қателесу мүмкіндігін жазды.

– Трамп Қазақстанға ресми сапар жасамады. Бәлкім ол басқа елдің атын қателесіп айтқан, – деді СІМ өкілі Айбек Смадияров.