Түркістанда 9 мыңнан астам мәдени іс-шара өткен
Түркістанда 9 мыңнан астам мәдени іс-шара өткен
217
оқылды

Екі жыл уақыт ішінде қыруар еңбектің нәтижесінде түрлене түскен Түркістан қаласы нағыз мәдениет пен руханияттың орталығына айналуда. Олай дейтініміз, аз уақыттың өзінде түркі әлемі кие санаған қалада бірнеше жаңа мәдени нысандар бой көтерді. Атап айтсақ, «Ақжайық» музыкалық мектеп, облыстық қазақ драма театры, «Ясауи» музейі, «Ұлы дала елі» мен «Қабылдау» орталығы, конгресс-холл, амфитеатр сынды ғимараттардың құрылысы аяқталды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облыстық Мәдениет басқармасының басшысы баяндады.

Брифинг барысында өзге де бірқатар жаңалықты айтып берген басқарма басшысы Әзім­хан Қойлыбаев бүгінде облыс орталығында қазақ хандары мен билері және «Түркі әлемі» орта­лықтары, Түркістан облыстық әм­бебап-ғылыми кітапханасының құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.
«Биыл Әбу Насыр әл-Фара­бидің 1150 және Абай Құнан­байұлының 175 жылдық мерей­тойларына орай Түркістан қа­ла­сында жаңадан салынған об­лыс­тық драма театр ме­кемесінің ал­дына Әбу Насыр әл-Фарабидің, ал «Оқушылар сарайы» мекемесінің алдына Абай Құнанбайұлының ескерткіштері орнатылды. Соны­мен қатар соңғы 9 айда облыстағы 24 музейде 2 000-нан аса онлайн іс-шара ұйымдастырылып,       3 369 дана жаңа экспонат жинақ­талды. Нәтижесінде, облыстағы музейлердің жалпы қоры 173 986 данаға жетіп отыр», – деді облыс­тық Мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Серікұлы.
Биыл ұлы композитор Шәм­­ші Қалдаяқовтың 90 жыл­дығына орай Отырар ау­данында композитордың өзі тұрған үйінен «Ш.Қалдаяқов» музейі ашылғанын тілге тиек еткен басқарма басшысы келесі жылы Түркістан қаласында Халықаралық театр фестивалін өткізу жоспарланғанын жеткізді. Мұнан өзге басқа да өңірдегі атқарылып жатқан игілігі мол істерге тоқталған Әзімхан Қойлы­баев бүгінгі таңда Түркістан об­лысында 678 мәдениет және өнер мекемесі жұмыс істейтінін айтып берді. Оның iшiнде 390 кiтапхана, 251 клуб, 24 музей, 2 кәсіби театр, 5 саябақ, 2 орталық, облыстық филармония,көркемсурет га­лереясы,  «Оңтүстікфильм» ме­кемесі, «Түркістан сарайы» кон­церттік мекемесі бар. Жыл басынан бері коронавирус ін­детінің шектеу шараларының талаптары сақтала отырып, Түр­кістан облыстық Мәдениет бас­қармасының ұйытқы болуымен 10 облыстық деңгейдегі клуб пен кітапханада, музейде 9 мыңнан астам іс-шара өткізілген.

Тельман БЕЙСЕНОВ, Түркістан облысы