Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
Басты бет Спорт

Арман UFC жауынгері атана ма?

«Айқын» ақпарат
Қараша 6, 2020
Спорт, Жаңалықтар, Қазақстан
Арман UFC жауынгері атана ма?

Көпшілікке «Сұңқар» лақап атымен танылған аралас жекпе-жектің шебері, Arlan MMA Pro командасының өкілі, қазақстандық файтер Арман Оспанов АҚШ-қа аттанды. Спортшы қазір Лас-Вегас қаласында жүр.

Әлемдегі беделді ұйымдардың бірі саналатын UFC-дің штаб-пәтері дәл осы қалада орналасқандықтан, Арманның онда баруы жанкүйерлер мен спорт мамандарының біраз талқысына түсті. Бұдан ертерек «осы жылдың көктемінен бастап Оспанов UFC-мен келісімшартқа отырды» деген сыбыстар да тараған. Болжам шындыққа айналатын секілді.

Жалпы, Арманның спорт әлеміндегі кәсіпқой мансабына Ризван Магомедов пен ММА-дегі ең танымал менеджер Али Абдель-Азиз жауап береді. Білікті, тәжірибелі мамандардың араласуымен жақын арада UFC-мен келісімшарт мәселесі шешілсе, Арман атақты Jackson Wink MMA Academy залы орналасқан Альбукеркеге (Нью-Мексико штаты) бармақшы. Оспанов бұған дейін де бірнеше рет Грег Джексон және Майк Винлехонның жетекшілігімен жаттығу жасаған. Спортшының өзі де журналистерге берген сұхбаттарында Альбукерке жаттығу үшін ыңғайлы жер екенін бір емес бірнеше рет айтқан еді. Арман-мақсатын жүзеге асыру үшін шет ел асқан Арманның жыл соңына дейін кездесу өткізуді жоспарлап отырғаны белгілі болды. Спортшыны Алматы әуежайынан шығарып салған спорт журналисі Дәурен Түлкібай аралас жекпе-жек шеберінің халыққа қуаныш сыйлар күні де жақын екенін айтты.

– Америкаға кетудегі негізгі мақсаты – әлемге әйгілі UFC тұжырымында атой салу. Аталған ұйыммен келісімшарт жасасып, сол жақта жаттығып, жылдың соңына дейін дебюттік кездесуін өткізуді жоспарлап отыр. 2020 жыл адамзат баласы үшін оңай жыл болған жоқ. Спорт әлемінде де көптеген маңызды кездесулер, айтулы жарыстар кейінге шегерілді, тіпті, кейбірінің өтпейтіні хабарланды. Біздің спортшылар да біраз қиындықтармен күресті. Арман да жылды жақсы қорытындылап, жанкүйерлерін қуантқысы, елдің мерейін үстем еткісі келеді. Біз де оның алдағы уақытта жақсы нәтижелер көрсетіп, жетістікке жететініне сенеміз, – дейді Дәурен.

Арман Оспанов таяуда ММАТИКА Youtube арнасына берген сұхбатында UFC-де кімдермен кездескісі келетінін айтып, келешектегі қарсыластары туралы бір ауыз пікір білдірді.

Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Қуат Хамитов жаңа жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады

UFC-де тағы бір қазақ

– Энтони Петтиспен жекпе-жек өткізгім келеді. Оның соққысы жойқын әрі техникасы мықты. Яир Родригеспен де кездесу ойда бар. Яирмен Америкада спаррингке шыққан болатынмын. Өте мықты спортшы. Хосе Алдомен де UFC-де жолымыз түйіссе керемет болар еді. Ол үшін мен өзімді әрқашан жоғары деңгейде, жақсы қырымнан көрсетуге тиіс­-пін, – деді спортшы.

Айтпақшы, Арман осы жылдың маусым айында Қазақстанда өтуі тиіс UFC турнирі аясында бір жекпе-жекке келісімшарт жа­сағысы келген. Алайда COVID-19-ға байланысты турнир өтпей қалып, бұл ұм­тылысынан ештеңе шықпады. Спортшы жыл­дың соңына дейін UFC алаңында қалайда бір кездесу өткізу үшін беделді ұйыммен келіссөздер жүргізуде. Арманына жету үшін шет ел асқан Арманның сүйінші жаңалығы да жалпақ жұртқа жария болып, АҚШ төрінде қазақстандық файтердің дебюттік кездесу өткізер күні де жақын.

АбылайханАбылайхан ЖҰМАШ

 
ID: 0
Тегтер: «Сұңқар» лақап атыUFCарманАрман Оспановжекпе-жек
Алдыңғы жаңалық

Қызылорда екінші толқынға дайын ба?

Келесі жаңалық

Алматыда троллейбустар тоқтап қалып, бұрын-соңды болмаған кептеліс болды

Ұқсас жаңалықтар

шопан
Әлеумет

Шопанға да мұқтажбыз

Сәуір 21, 2021
шетелдік жұмысшы, Қазақстан, Қытай, Түркия
Жаңалықтар

Қазақстанға шетелдік жұмысшылар көбінесе қай елден келеді?

Сәуір 21, 2021
Ashyq қосымшасы
Жаңалықтар

Ashyq-қа «қызыл мәртебесі» бар адамдар тұтылды

Сәуір 21, 2021
коронавирус, пневмония, ауру, адам өлімі
Жаңалықтар

COVID-19: бір күнде 26 адам қайтыс болды

Сәуір 21, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Шопанға да мұқтажбыз

Сәуір 21, 10:00

Қазақстанға шетелдік жұмысшылар көбінесе қай елден келеді?

Сәуір 21, 09:59

Ashyq-қа «қызыл мәртебесі» бар адамдар тұтылды

Сәуір 21, 09:40

COVID-19: бір күнде 26 адам қайтыс болды

Сәуір 21, 09:33

Аңның ағзасы адамға ем бе?

Сәуір 21, 09:20

Алматыда полиция жиһазға «тапсырыс» қабылдаған алаяққа алданғандарды іздеп жатыр

Сәуір 21, 09:00

Мәңгілік ел – мемлекеттілік ұстыны

Сәуір 21, 08:55
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

шопан

Шопанға да мұқтажбыз

Сәуір 21, 2021
шетелдік жұмысшы, Қазақстан, Қытай, Түркия

Қазақстанға шетелдік жұмысшылар көбінесе қай елден келеді?

Сәуір 21, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»