Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

«Кәуап жеуге келгенбіз» – Байсеркеде оқ атқандар ұсталды  

Демалыс аймағында оқ жаудырған бұзақылар ұсталды.

Нұрбек БАҚЫТ
Қараша 6, 2020
Жаңалықтар, Әлеумет, Басты жаңалықтар
Байсерке, Алматы, атыс, оқ

Фото: Интернеттен алынды

654
қаралым

Алматы облысында демалыс аймағының иесі мен қызметкеріне қастандық жасады деген күдікке ілінгендер ұсталды, – деп хабарлайды КТК.

Бірақ полиция нақты қанша адамның ұсталғанын айтпай отыр. Іздеуде жүргендердің де саны белгісіз. Тек бәріне «адам өлтіруге оқталды» деген ауыр баптармен айып тағылғаны белгілі.

Георгий Федасов – атысты өз көзімен көргендердің бірі. Байсерке тұрғыны демалыс аймағына сол күні ұлын ертіп келген екен. Баласы өзге демалушылардың балаларымен батутта ойнап жүріпті. Ал өзі атпен серуендеу үшін кезегін күтіп тұрған. Нақ сол мезетте бір топ жігіт кіріп келіп, қырғын салған.

«Кезекті күтіп алаңсыз тұрғанмын. Қасымда басқа адамдар болды. Бастапқыда не болғанын түсінбей қалдым. Олар қожайынды желкелеп, үйдің артына қарай алып кетті. Содан 1 минут өтер-өтпестен атыс басталды. Қожайынның құлағанын көрдім. Содан қорқып, ұлыма қарай жүгірдім. Олар 15-20 шақты жігіт болатын. Бәрінің қолында қару болды», – дейді оқиға куәгері Георгий Федасов.

Оқиға куәгерінің айуынша, қаскөйлер автомат пен травматикалық қарудан оқ жаудырыпты. Одан қалды, демалыс кешеніне қатысы жоқ өзге келушілерге де қару кезенген көрінеді. Александр Калашников өзін тапаншамен атқанын айтады. Такси жүргізуші бала-шағасымен демалуға келген клиенттердің бірін алып кетуге келген екен. Абырой болғандай, дер кезінде қашып үлгерген. Ал оған бағытталған оқ көлігіне тиген.

25 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Алматыда мәйітхана басшысы 14 000 000 теңге пара алған

Жамбылда жоғалған әйел табылмай жатыр

«Клиентті күтіп тұрғанмын. Кенеттен атыс басталып кетті. Жұрт бала-шағасын құшақтап, қаша жөнелді. Қаскөйлердің бірі маған қарай тапанша қаратты. Қайта қашып үлгердім, әйтпесе көлігіме тиген оқ маған тиер еді. 3 балам жетім қалар еді», – дейді Александр Калашников.

Тапа-тал түсте оқ жаудырғандар ұсталды. Бірақ, бәрі бірдей емес. Тек қару асынған негізгі күдіктілер ғана.

«Жедел іздестіру іс-шарасы барысында Алматы облысының полиция қызметкерлері негізгі күдіктілерді құрықтады. Олар Алматы қаласында, Алматы және Қостанай облыстарында қолға түсті. Қалған мәлімет тергеу құпиялығына байланысты таратылмайды», – дейді Алматы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Ернар Сайделдин.

Полиция демалыс кешеніне баса-көктеп кіргендердің бәрі бірдей мылтық қолданбады деп отыр. Ұсталғандарды куәгерлер танып та үлгерді.  Дегенмен, қаскөйлер кінәсін мойындар емес. Айтуларынша, бірі демалыс кешенінің жанынан өтіп бара жатқанмын десе, қалғаны «жай кәуап жеуге келгенбіз» деп басын ала қашып отыр екен.

«Күйеуімді атқан күдікті бұл іске қатысы жоғын айтып жатыр. Жанынан өтіп бара жатқанмын деп жайбарақат айтып отыр. Тіпті, кездейсоқ куәгермін, демалыс кешеніне кәуап жеуге келгенмін дейді. Сонда қалай? Қарумен кәуап жеуге келді ме?Тергеушілер де мүмкін атқан ол емес шығар, қателеспедіңіз бе деп бізге сенбестік танытып отыр. Сондықтан істі жылы жауып қоя ма деп қорқамын», – деп алаңдаушылық білдірді демалыс аймағының иесі Ольга Кузнецова.

Атыс болған демалыс кешенінің иелері қаскөйлер жазадан құтылып кете ме деп алаңдайды.

 
Тегтер: АлматыатысБайсеркеоқ
Алдыңғы жаңалық

Францияда бір тәулікте 58 мың адам коронавирусқа шалдыққан

Келесі жаңалық

Пневмонияға шалдыққандар саны тағы көбейді

Ұқсас жаңалықтар

Нұр-Сұлтан, мемлекеттік сатып алу, жемқорлық
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда мемлекеттік сатып алу кезінде 1 миллиард теңгеден астам қаржы жымқырған  

Ақпан 25, 2021
жер сату, шетелдік, жалға беру, Бозжыра, Көкжайлау
Жаңалықтар

Тоқаев шетелдіктерге жерді сатуға, жалға беруге біржола тыйым салды

Ақпан 25, 2021
баспана, үй, қолжетімді баспана, зейнетақы, ипотека
Жаңалықтар

Қазақстанда баспана мәселесі әлі де өзекті – Тоқаев

Ақпан 25, 2021
123 үй
Жаңалықтар

Кәсіпкер ауылда жұмысшыға арнап үй салса, шығынның жартысын мемлекет төлейді – Президент

Ақпан 25, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұр-Сұлтанда мемлекеттік сатып алу кезінде 1 миллиард теңгеден астам қаржы жымқырған  

Ақпан 25, 13:04

Тоқаев шетелдіктерге жерді сатуға, жалға беруге біржола тыйым салды

Ақпан 25, 12:28

Қазақстанда баспана мәселесі әлі де өзекті – Тоқаев

Ақпан 25, 12:09

Кәсіпкер ауылда жұмысшыға арнап үй салса, шығынның жартысын мемлекет төлейді – Президент

Ақпан 25, 11:46

Министрлік Атыраудағы «Сасыған сайдың» проблемасын жазда шешеді 

Ақпан 25, 11:34

Әлібек Қуантыров Ұлттық экономика вице-министрі болды

Ақпан 25, 11:10

Мұрат Нұртілеу жаңа қызметке тағайындалды

Ақпан 25, 10:57
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Нұр-Сұлтан, мемлекеттік сатып алу, жемқорлық

Нұр-Сұлтанда мемлекеттік сатып алу кезінде 1 миллиард теңгеден астам қаржы жымқырған  

Ақпан 25, 2021
жер сату, шетелдік, жалға беру, Бозжыра, Көкжайлау

Тоқаев шетелдіктерге жерді сатуға, жалға беруге біржола тыйым салды

Ақпан 25, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»