КамАЗ карьерге құлап, 2 адам қайтыс болды
КамАЗ карьерге құлап, 2 адам қайтыс болды
5,082
оқылды

Алдын ала белгілі болған мәлімет бойынша, жүк көлігінің жүргізушісі артқа қарай жүрген.

«5 қараша күні сағат 08.00-де Павлодарда ЖШС-ға тиесілі аумақта КамАЗ көлігінің 59 жастағы жүргізушісі жұмыстан тыс уақытта жүк көлігін артқа жүргізу кезінде тереңдігі – 6-7 метр карьерге аударып алған» деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқыс оқиға салдарынан көлік жүргізушісі мен ішіндегі жолаушы мерт болды. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу басталды.