Роналдудың жеке шаштаразы қонақүйде өлі күйінде табылды

Роналдудың жеке шаштаразы қонақүйде өлі күйінде табылды

Қазір оның өлімі зерттеліп жатыр

Туриндік «Ювентустің» шабуылшысы Криштиану Роналдудың жеке шаштаразы Рикардо Маркес Феррейра қонақүйде өлі күйінде табылған. 

Mundo Deportivo мәліметінше, 2 қараша күні бөлмені тазалауға келген қызметші ер адамның денесін тауып алған. Мәйіттен пышақ іздері табылған, ал аққан қан еденге жайылып кетіпті. Қызметші әйел бөлмеден алкоголь иісін де сезген.

«Ертістен» ойсырай жеңіліп, чемпиондықтан айырылған «Қайраттың» бас бапкері қалай ақталды? (видео)

Қазір шаштараздың өлімі зерттеліп жатыр. Полиция қылмыскерлерді іздестіруде. Шаштараз Роналдудан бөлек бірқатар португалиялық моделдер мен актрисаларға қызметін ұсынып келген. Ол соңғы екі жыл бойы Швейцарияда тұрған екен.