Жексенбіде Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік жүрмейді
Жексенбіде Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік жүрмейді
92
оқылды

8 қарашада дезинфекциялық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты қоғамдық көлік бір күнге тоқтайды.

Дүйсенбі күні, 9 қарашада автобустар қайтадан қатынайды. Қала тұрғындарын санитарлық нормаларды сақтауы тиіс. Коронавирустың таралуы қарқыны күшейгеніне байланысты қалада автобусқа маскасыз кіруге тыйым салынады. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз, SMS көмегімен және мобильді қосымшалар арқылы төленеді.