Халыққа жағдай жасалмаған жерде жемқорлық көп – Алик Шпекбаев
Халыққа жағдай жасалмаған жерде жемқорлық көп – Алик Шпекбаев
134
оқылды

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетовпен бірге Рудный және Лисаков қаласын аралады.

Алик Шпекбаев әкімдіктерде «бір терезе» қағидатымен азаматтарға сервистік және кедергісіз қызмет көрсетуге арналған «Көмек алаңы» фронт-кеңселерінің жұмысымен танысты.   [caption id="attachment_85521" align="aligncenter" width="799"]Алик Шпекбаев Фото: Интернеттен алынды[/caption] Қазір кез келген азамат кабинеттердің табалдырығында кезек күтпей-ақ фронт-кеңселерге жүгіне алады. Әкімдіктердің қызметкерлері тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жер қатынастары, әлеуметтік қорғау, ауыл шаруашылығы және басқа да салалар бойынша кеңес береді. Электронды қызметтерді алу үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары да қарастырылған.

«Тұрмыстық сыбайлас жемқорлық азаматтар үшін қолайлы жағдай жасалмаған жерде таралады. Азаматтардың қажетті заңды көмек алу үшін мемлекеттік қызметшіге сыйлық беруіне жол жоқ. Шенеуніктер мәселені шешу жолдарын тарылтып, кеңселерде отырған қызметкерлердің маңызын жасанды түрде асыра көтермеуі тиіс. Әрбір мемлекеттік қызметшінің жұмыс барысында ұстанатын қағидалары – адалдық, тәртіп, қолжетімділік, ашықтық пен әділдік. Әкімдіктердің ыңғайлы фронт-кеңселерімен мегаполистердің ғана емес, шағын кенттердің тұрғындарын да қамтамасыз ету қажет», – деді Алик Шпекбаев.

Аймаққа арнайы барған Алик Шпекбаев халықпен жүздесіп, тұрғындардың арыз-шағымын тыңдады.