Апта ішіндегі ауыс-түйіс
Апта ішіндегі ауыс-түйіс
175
оқылды

Осы аптада елімізде жаңа аудан әкімдері тағайындалып, белгілі журналистер өзге қызметке ауысты. Бұл туралы ҚазАқпарат жариялады.

Атап айтар болсақ, бұрынғы Парламент депутаты Бірғаным Әйтімова Сенаторлар кеңесі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды. Ал саясаттанушы, тарихшы Берік Әбідғалиұлы Қарағанды облысы Ұлытау ауданының, Бауыржан Ғайса Ақмола облысы Зеренді ауданының әкімі болды.

Елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына директор болып Асхат Маемиров тағайындалды. 5 қазанда Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Qazaq kuresi ұлттық федерациясының президенті болып сайланды. Федерацияны бұған дейін белгілі журналист Арман Шораев басқарған болатын. Сонымен қатар журналист Ержан Байтілес Президенттің баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі қызметіне тағайындалды.