Азаматтарға құжатының мерзімі аяқталған кезде SMS хабарлама жіберілетін болды
Азаматтарға құжатының мерзімі аяқталған кезде SMS хабарлама жіберілетін болды
5,122
оқылды

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» компаниясының мәліметінше, хабарлама куәлік мерзімнің аяқталуына бір ай қалғанда жіберіледі.

Ескерер жайт, жаңа құжатты алу үшін үйден шықпай-ақ eGov.kz арқылы өтініш беруге болады.

«SMS хабарлама жіберу арқылы біз проактивті форматта жақын арада құжаттың мерзімі аяқталатын қазақстандықтарды ескертуді жоспарлап отырмыз. Бұл азаматтарға Gov.kz порталы арқылы құжаттарын мерзімі өтпей тұрып тапсырыс беру мүмкіндік туады. Осылайша, мерзімі өткен құжат үшін айыппұл төлейтіндерді азайтамыз», – деді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.

Сондай-ақ, мобильді азаматтар базасында тіркелген азаматтарға туған күніне орай 1414-тен құттықтауы бар хабарлама жолданады.