Оңтүстік Кореяда шымкенттіктер дәмхана ашты.
«Хабар 24» арнасының хабарлауынша, дәмханада қазақтың ұлттық тағамдары пісіріледі. Жергілікті тұрғындар қазақтың тағамдарынан дәм татқанға ризашылығын білдірген. Ёнсан қаласының тұрғыны Пак Ман Хо: «Бұл корей тағамдарына ұқсайды. Ешқандай айырмашылық жоқ сияқты. Қазақ тағамдарын бірінші рет жеп тұрмын, бірақ қазақстандықтарды білемін. Олар осында жұмыс істейді. Корея үшін бұл үлкен көмек», — дейді.
Дәмхана қожайыны Сәуле Қосақаеваның айтуынша, Кореяда қазақтың тағамдарына сұраныс көп екен.
– Қуырдақ, өзіміздің ет, нарын, сорпа, лағман пісіреміз. Етіміз халал. Халал сертификатымен аламын. Сондықтан сол етті жеу үшін көп мұсылман елдерінен келеді, — дейді.
Алдағы уақытта Кореяның басқа қалаларында да «Шырайлы Шымкент» дәмханасы ашылмақ.