Адамдардың коронавируспен қайта ауырмайтынына кепілдік жоқ – Алмаз Шарман
Адамдардың коронавируспен қайта ауырмайтынына кепілдік жоқ – Алмаз Шарман

Оның айтуынша, коронавируспен ауырғандар денсаулығына ерекше күтіммен қарауы керек.

«Коронавируспен ауырып, жазылғандар бәрібір қауіпсіздік талабын сақтауы керек. Себебі, коронавирустан басқа инфекциялар да бар. Әсіресе, қазір тұмау маусымы басталып жатыр. Аурудың алдын алған маңызды. Тіпті егер сіз ауырып, жазылған күнде де коронавирус мұрын қуысында болуы мүмкін және вирус қол арқылы берілуі мүмкін. Міне, сол себепті де масканың қалай болғанда да тиімділігі бар. Әлеуметтік қашықтықтың да маңызы зор. Әлемде коронавирусты қайтадан жұқтырудың 5 оқиғасы белгілі болды. Осындай фактілер бар. Сол себепті, коронавирусқа қайтадан шалдықпайтынына 100 пайыз кепілдік жоқ», – деді Алмаз Шарман.

Ол әр адам сақтық шараларына жете мән беруі керек.