Тағы екі аймақта карантин талабы күшейтіледі
Тағы екі аймақта карантин талабы күшейтіледі
105
оқылды

Карантин шаралары биыл 9 қараша сағат 00:00-ден бастап Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданы аумағында күшейтіледі.

СҚО бас мемлекеттік санитар дәрігері мынадай қаулы шығарды: Петропавл қаласы, Қызылжар ауданының тұрғындарына: – көршілердің, таныстардың, туыстардың, әріптестердің сапарларын шектеуге; – тұратын жері бойынша отбасылық іс-шараларды өткізуге тыйым салу белгіленсін; – қоғамдық орындарда 3 адамнан (отбасы мүшелерін қоспағанда) кемінде 2 метр қашықтықтағы топтардың болуы шектелсін; – жерлеу рәсімдері кезінде кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, 30-дан астам адамның (негізінен отбасы мүшелерінің) жиналуына жол берілмесін; – респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде (құрғақ жөтел, қызба, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т. б.) жедел медициналық көмекті 103 нөмірі бойынша шақыру арқылы медициналық ұйымдарға бармай-ақ, үйде дереу медициналық көмекке жүгінуге кеңес беріледі;

2020 жылғы 9 қарашадағы 00 сағаттан бастап Петропавл қаласы, Қызылжар ауданынан COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуын тоқтату мақсатында адамдардың кіруіне және шығуына, соның ішінде жаяу жүру тәртібіне тыйым салынады.