Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Ауылдың жайын түсінетін ұлтжанды адамдар керек – Жүрсін Ерман

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ақын  Жүрсін Ерманмен тілдесіп, айтыс аламанындағы жаңалықтар, еліміздің қоғамдық-саяси өмірі туралы әңгімелескен едік.

Элмира Жақсыбайқызы
Қараша 6, 2020
Жаңалықтар, Қазақстан, Мәдениет
халық

Фото: Интернеттен алынды

238
қаралым

– Әлемді әбігерге салған індет біраз салаға салқынын тигізгені рас. Дегенмен дәуірлермен үндесіп, заманамен тілдесіп келе жатқан сөз сайысы – айтыс өнерінің қай кезде де өз көрермені болған. Қазір төл өнерді дамыту үшін қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

–Пандемияға байланысты сирек өткізіліп жатқаны рас. Биыл ақпан айында астана төрінде Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен, «Nur Otan» партиясының қолдауымен ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған «Адамзаттың алыбы – хакім Абай» атты республикалық айтыс өтті. Одан кейін кеше ғана Оралда қазақ поэзиясының көрнекті өкілдері Жұбан Молдағалиевтің 100 жылдығы және Қадыр Мырза Әлінің 85 жылдығына орай көрерменсіз айтыс өтті. Жылда өтетін дәстүрлі айтыс бар. Бұл айтыс екі күнге жалғасты. Алғашқы айналымы көрерменсіз өтті. Финалы 8 желтоқсанда болады, елордада. Көрерменсіз өтетін болды. Осындай қиын сәтте де ақындарымыз Абайды, Тәуелсіздікті жырлап, тамаша өнер көрсетті. Енді 20-21 қарашада Атырауда ұлы Абайға арналған айтыс өтеді. Бұл додадан да күтеріміз мол.

– Жыр жарысына қосылып жатқан жаңа есім, жас таланттар туралы айтсаңыз.

12 жастағы қазақстандық ерекше дауысымен ресейліктерді таңдандырды (видео)

Қоғамдық-саяси өмірдегі әйелдер әлеуеті

Қазақстан – Франция матчына жанкүйерлер кіре ала ма?

–Жастар шыңдалсын, сынап көрейік деп қатыстырып жатырмыз. Мысалы, кешегі айтысқа Жезқазған қаласынан 17 жастағы Абзал Мақашев қатысты. Жас ақын бәрімізді өнерімен тәнті етті. Арқаның мақамымен, сазымен кесек-кесек сөздер айтқанда риза болдық. Негізінен, әр өңірде осындай талантты жастар бар. Бойына туған халқының сөз құдіретін сіңірген жас дарындар қатарымызға біртіндеп қосыла бермек.

– Елімізде партияішілік іріктеу – праймериз өтті. Мәжіліс және мәслихат депутаттары сайлауы өтетін күн де алыс емес.  Осы орайда, жастардың саяси белсенділігіне қандай баға берер едіңіз?

– Партияішілік таңдау – лайықты адамдарды мәслихат пен Мәжіліске ұсынудың бірден-бір жолы әрі заманауи оңды бастама болды.  Қоғамдағы озық ойлы, көзқарасы қалыптасқан, байыпты, елдің тағдырына жаны ашитын азаматтарды іріктеу деген бұрын-соңды болмаған еді.  Кандидаттардың көпшілігі өз саласындағы күрмеуі қиын мәселелерді шешіп, халықтың әл-ауқатын түзеуді көздейді. Сайлауға үміткерлер қатарында айтыскер ақындар да бар.  Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық одағынан 6-7 жігітіміз осы праймеризге қатысуға шешім қабылдаған болатын. Аманжол Әлтаев, Мұхтар Ниязов, Айбек Қалиев, Серікзат Дүйсенғазы, Айтбай Жұмағұлов сынды жігіттердің қай қайсысы болса да осал емес. Жоғары ұпай жинап, жақсы нәтижеге қол жеткізді.

Жастар – қоғамдағы белсенді күш. Бұл – оларға берілген үлкен мүмкіндік. Еліміздегі маңызды оқиғаларға бейжай қарамайтын жігерлі жастарымыздың аз емес екенін байқадық. Бұл, әрине қуантады.

– Жеңімпаз азаматтардың бойынан қандай қасиеттерді көргіңіз келеді?

– Қазір халықтың санасы ояу. Қоғамнан үлкен өзгеріс күтеді. Ал сол өзгерістің ортасында ұлтқа жаны ашитын, елдің ертеңін ойлайтын азаматтар болуы керек. Халықпен, әсіресе ауылмен қатынасын үзбеген ұлтжанды адамдар керек-ақ. Дамудың тиімді жолын ұсынатын жігерлі жастармен қоса, белсенді азаматтар сайлануы тиіс. Өзгерістер қажет. Партия халықпен бірге сол өзгерістерді жасауға дайын екеніне сенім мол.

–Әңгімеңізге рақмет! 

 

 
Тегтер: айтысЖүрсін ЕрманҚазақстанқоғам
Алдыңғы жаңалық

Университет басшысы оқытушылармен кездесті

Келесі жаңалық

Сбербанкпен бірге шыңға шығамыз

Ұқсас жаңалықтар

дәрігер
Жаңалықтар

Дәрігер ұйықтар алдында айран ішкеннен гөрі ет жеуді ұсынды

Наурыз 7, 2021
Ақтау
Қазақстан

Ақтауда ер адам тіс емханасын тонап кеткен

Наурыз 7, 2021
Қазақстан
Жаңалықтар

Қазақстандық танымал әнші жол апатына түсті

Наурыз 7, 2021
ауа
Қазақстан

Қазақстанның кей аумақтарында жолдар ашылды

Наурыз 7, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Дәрігер ұйықтар алдында айран ішкеннен гөрі ет жеуді ұсынды

Наурыз 7, 15:01

Ақтауда ер адам тіс емханасын тонап кеткен

Наурыз 7, 14:33

Қазақстандық танымал әнші жол апатына түсті

Наурыз 7, 13:58

Қазақстанның кей аумақтарында жолдар ашылды

Наурыз 7, 13:28

Боксшы Сабырхан Махмұд халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

Наурыз 7, 12:50

Ұшықтың кесірінен бір жасар нәресте өле жаздады

Наурыз 7, 12:18

Жасөспірімді құтқарамын деп 9-қабаттан құлаған полицейдің жағдайы ауыр

Наурыз 7, 11:45
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

дәрігер

Дәрігер ұйықтар алдында айран ішкеннен гөрі ет жеуді ұсынды

Наурыз 7, 2021
Ақтау

Ақтауда ер адам тіс емханасын тонап кеткен

Наурыз 7, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»