Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Әрбір бесінші жасөспірім мектептегі қоқан-лоқының құрбаны

11-15 жас аралығындағы жасөспірімдердің 17 пайызы айына бір немесе бірнеше рет мектептегі буллингті бастан өткерген.

Анар Қоныс
Қараша 6, 2020
Жаңалықтар, Таным
жасөспірім

©Жұмабек

664
қаралым

Елімізде 11-15 жас аралығындағы әрбір бесінші жасөспірім буллингтің құрбаны болады немесе өзгелерге қоқан-лоқы көрсетеді екен. Бұл деректер Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының «Мектеп жасындағы балалардың денсаулығын сақтау тәртібі (HBSC)» атты зерттеуінде келтірілген.

11-15 жас аралығындағы жасөспірімдердің 17 пайызы айына бір немесе бірнеше рет мектептегі буллингті бастан өткерген. Ауыл баласынан гөрі, қала мектептеріндегі оқушының басым көпшілігі осының құрбаны болады екен.

Бұл мәселенің бүгінгі хал-ахуалы, балаларға ықпалы жөнінде Дағдарыс орталықтары одағының психологы Салтанат Маусеитовамен әңгімелескен едік.  

жасөспірім
©Сурет интернеттен алынды

– Соңғы кезде ел ішінде «буллинг» сөзі қолданысқа еніп кетті. Жалпы буллингтің қоғамға ықпалы қандай? Ол неден туындайды?

– Бұл тақырыпты қозғамас бұрын, алдымен сөздің мағынасын түсінгеніміз жөн. Буллинг – ағылшын тілінен аударғанда адамға қысым көрсету деген мағына береді. Яғни міндетті түрде біреуді күштеу емес, адамның ойын бұзу, оны қандай да бір әркетке итермелеу, психикалық қысым көрсету. Мәселен, адам үйде, мектепте, автобуста немесе интернетте, жалпы кез келген жерде жүріп буллингке ұшырауы мүмкін. Ондай жағдай бізде ересектердің арасында да кездеседі. Алайда мектеп жасындағы балалар, жасөспірімдер мектеп-интернат пен спорттық секцияларда буллингке жиі ұшырайды. Бүгінде ол біздің елде ушығып тұрған мәселенің бірі.

Соңғы уақытта елдегі ахуалдың нашарлауынан, пандемияның кесірінен ел арасында қысым көбейе түсті. Оның әсерінен адамдар стресске түсіп, отбасынан немесе өз ортасынан ашуын алады. Ал жасөсіпірімдер өз құрдастарына «жұдырығын ала жүгіреді». Сол арқылы ол өзінің бар екенін, оған да құлақ асуы керегін өзгелерге дәлелдегісі келеді. Сондықтан кез келген стресстің үлкенге ғана емес, балаға да әсер ететінін ұмытпауымыз керек. Олардың да айтқанына құлақ асайық.

жасөспірім
©Сурет интернеттен алынды

– Буллинг көбіне жасөспірімдер арасында көп кездеседі. Олардың бұл жолға түсуіне не түрткі?

Бүгін Нұр-Сұлтан мен Атырауда оқушылар мектепке бармайды

Шымкентте бір жылда оқушы саны 21 мыңға көбейген

Ақмола облысында тұрғын үйде өрт шығып, екі адам қаза тапты

– Сөз басында айтып кеткенімдей, ол өзін өзгеге дәлелдегісі келеді. Біреуді қорлай отырып, оған зәбір көрсете тұрып, мықтылығына масаттанып, эгосын биікке көтереді. Мұнда агрессордың басты мақсаты – жәбірленушіні барынша қорлай түсу. Сонда оның жаны рахаттанады. Ондай қадамға өзіне көңілі толмаған, өзін-өзі бағалай алмағандар барады. Психологиялық тұрғыда қарастырсақ, жәбірленушіге ғана емес, зәбір көрсетушіге де көмек қажет. Себебі, бала оны білместіктен емес, мақсатты түрде әдейі істейді.

Ал бүгінгі әлеуметтік заманда жасөспірімдер арасында кибербуллинг кеңінен таралып жатыр. Яғни адамды интернетте, мысалы әлеуметтік желілерде қорлау. Көңілге тиетіндей хабарламаларды смс немесе электронды поштаға жіберіп, адамды қорлайтын бейнероликтер, суреттер, өсек немесе жалған сөздер таратуы мүмкін. Тіпті әлеуметтік желілерде жәбірленушінің атынан жалған аккаунттар құрып, онда ерсi фотосуреттерді жүктеп, буллинг жасауы ықтимал. Не болмаса әлеуметтік желілердегі достар тобынан әдейі шығарып тастайды.

жасөспірім
©Сурет интернеттен алынды

– Мысалы сыныпқа жаңа келген оқушыны жұмсап, оған үстемдік көрсету немесе мектепте жоғары сынып оқушылары өзінен кішілерді жұмсауы да буллингке жата ма?

– Иә, «дедовщина» да буллинге жатады. Жалпы, әлеуметтік ортада психологиялық және физикалық тұрғыда белгілі біреуге күш көрсету немесе мәжбірлеу де – буллинг. Оны біреуге абайсызда тиісу, ұстасып қалумен шатастырмау керек. Бұл жерде белгілі біреудің ақшасын тартып алу, оған түртпектеп тиіскілеу, мазасын алу, тоқетерін айтсақ, ұзақ уақыт бойы тоқтаусыз жәбір көрсету туралы сөз болып отыр.

– Жасөспірім кезінде қысым көріп өскен жан есейгенде де соның зардабын шеге ме?

– Әрине, зардабын шегеді. Біріншіден, ол бала өзін-өзі бағаламайтын болады. Оның ойы да өзгереді. Тек әлдебіреуге күш көрсетіп, зәбірлеу арқылы ғана өмір сүруге болады деп түсінеді. Ондай жандар психосаматикалық ауруға шалдығуы ықтимал. Денсаулығы нашарлап, асқазаны ауруы мүмкін. Тіпті, жүйкесі тозып, депрессияға түсуі де мүмкін.

жасөспірім
©Сурет интернеттен алынды

– Одан құтылудың жолы бар ма? Ол үшін не істеу керек?

– Жасөспірімдер арасында кикілжің болса, оған алдымен мектептегі психологтар мен мұғалімдер назар аударуы тиіс. Оған қоса, баланың өзгергенін немесе қысым көріп жүргенін ет жақындары сезеді, соған ден қойғаны жөн. Мысалы, ешқандай қиындыққа кезікпеген бала өзінен-өзі «мектепке бармаймын» деп шырылдамайды. Түрлі сылтау айтып, жалтарып жатса, оның сабаққа неге барғысы келмейтінін жайлап сұраған жөн.

Егер күмәніңіз расталса, бірден ашуға беріліп, айғай-шу көтерудің қажеті жоқ. Сабыр сақтап, «бұл мәселені қарастырамыз» деп алдымен баланы жұбатқан жөн. Артынан сынып жетекшісімен кездесіп, жайлап сөйлесіп көріңіз. Мәселені дабыралата көтеріп, мектепті шулатқанан еш пайда таппайсыз. Ертең балаңыз айтып қойғаны үшін қайтадан таяқ жеп, зәбір көруі мүмкін ғой. Ол кезде екі есе тиісуі де ықтимал. «Сабыр түбі – сары алтын» демекші, мәселені жан-жақты қарап, зерделеп шешкен дұрыс.

жасөспірім
©Сурет интернеттен алынды

Сонымен қатар, буллингтің үш тарабы болады. Біріншісі, агрессивті – буллингті қабылдайтындар. Екіншісі, жапа шегуші – өзіне көрсетілген зәбірге шыдап жүрген жан. Үшіншісі – куәгерлер, орталарында болып жатқан жағдайды көріп, біліп жүргендер. Олардың әрқайсысы анонимді түрде психологтың көмегіне жүгінуі тиіс. Буллинг кез келген адамның басында болады. Оның құрбаны сыныптағы әлсіз немесе әлжуаз, не болмаса озат оқушы деп кесіп айтуға болмайды. Тіпті әлеуметтік жағдайдың деңгейі де әсер етпейді. Оның құрбаны – негізінен өз ортасына ұқсамайтын жандар. Себебі, агрессор оған оның ешкімнен артықшылығы жоғын көрсеткісі келеді. Сондықтан да қысым көрсетіп, баланы түртпектеуін тоқтатпайды.

 
Тегтер: агрессорбалабуллингжасөспірімзәбіркибербуллингмектеп
Алдыңғы жаңалық

Балқаш қаласында енгізілген карантиндік шектеулер алынып тасталды

Келесі жаңалық

Зейнетақы қорындағы ақшаны қалай алуға болады?

Ұқсас жаңалықтар

Нұр-Сұлтан, мемлекеттік сатып алу, жемқорлық
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда мемлекеттік сатып алу кезінде 1 миллиард теңгеден астам қаржы жымқырған  

Ақпан 25, 2021
жер сату, шетелдік, жалға беру, Бозжыра, Көкжайлау
Жаңалықтар

Тоқаев шетелдіктерге жерді сатуға, жалға беруге біржола тыйым салды

Ақпан 25, 2021
баспана, үй, қолжетімді баспана, зейнетақы, ипотека
Жаңалықтар

Қазақстанда баспана мәселесі әлі де өзекті – Тоқаев

Ақпан 25, 2021
123 үй
Жаңалықтар

Кәсіпкер ауылда жұмысшыға арнап үй салса, шығынның жартысын мемлекет төлейді – Президент

Ақпан 25, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұр-Сұлтанда мемлекеттік сатып алу кезінде 1 миллиард теңгеден астам қаржы жымқырған  

Ақпан 25, 13:04

Тоқаев шетелдіктерге жерді сатуға, жалға беруге біржола тыйым салды

Ақпан 25, 12:28

Қазақстанда баспана мәселесі әлі де өзекті – Тоқаев

Ақпан 25, 12:09

Кәсіпкер ауылда жұмысшыға арнап үй салса, шығынның жартысын мемлекет төлейді – Президент

Ақпан 25, 11:46

Министрлік Атыраудағы «Сасыған сайдың» проблемасын жазда шешеді 

Ақпан 25, 11:34

Әлібек Қуантыров Ұлттық экономика вице-министрі болды

Ақпан 25, 11:10

Мұрат Нұртілеу жаңа қызметке тағайындалды

Ақпан 25, 10:57
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Нұр-Сұлтан, мемлекеттік сатып алу, жемқорлық

Нұр-Сұлтанда мемлекеттік сатып алу кезінде 1 миллиард теңгеден астам қаржы жымқырған  

Ақпан 25, 2021
жер сату, шетелдік, жалға беру, Бозжыра, Көкжайлау

Тоқаев шетелдіктерге жерді сатуға, жалға беруге біржола тыйым салды

Ақпан 25, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»