Димаш Андреа Бочеллимен бірге ән шырқады
Димаш Андреа Бочеллимен бірге ән шырқады
5,197
оқылды

Димаш Құдайберген Игорь Крутойдың туған күніне арналған концерттің алдында әйгілі әншімен бірге Besame Mucho әнін айтты.

Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында италиялық әншімен бірге ән айтып жатқан видеосын жариялады. Видеоға «Маэстромен көріспегелі көп болып еді. Біз гример бөлмесінде ән айтуды жөн көрдік. Сахнаға шығатын уақытты күтіп отырмыз. Әлемдегі ең әдемі тенор Андреа Бочеллимен бірге» деген жазба қалдырған. Ал классика және кеңінен таралған музыкалардың орындаушысы Димаштың дауысына таңғалғанын айтты.