Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Петропавл маңында 5 блокпост қойылады

Петропавлда карантиндік шектеулердің күшейтілуіне байланысты қала маңында 5 блокпост қойылып, тұрғындардың кіріп-шығуы шектеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Рая Мінап
Қараша 6, 2020
Жаңалықтар, Қазақстан
қала

© сурет интернетттен алынды

39
қаралым

Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабеков бүгін шұғыл түрде онлайн брифинг өткізіп, облыс орталығының карантинге жабылуына байланысты түсінік берді.

«Петропавлда эпидемиологиялық ахуал күрделі. Наурыз, сәуір, мамыр айларында вирус жұқтырғандардың саны Петропавлда небәрі 26 болған. Өткен тәулікте облыс орталығында КВИ жұқтырған 24 адам тіркелді. Соңғы бір аптада ауырғандар саны 105-ке жетті. Қазіргі уақытта инфекциялық стационарлар 43% -ке толық. Аурудың таралуын болдырмау және тұрғындардың арасында санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бірқатар шектеу шаралары қолданылады», – деді Болат Жұмабеков.

Петропавл қаласының периметрі бойынша 5 блокпост қойылады. Олар Мамлютка қаласы, Бескөл ауылы, Булаев қаласы, Солнечный шағын ауданы және Шаховское елді мекені бағыттары бойынша орналасады.

«9 қарашада қала жабылады. Сол себепті осы уақытқа дейін тұрғындар тұрғылықты жеріне шығып немесе оралулары қажет. Кейін, 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, тек ПТР тест нәтижесі арқылы кіріп-шығуға болады. Қала тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдар, азық-түлік, бірінші қажеттілік бұйымдарын тасымалдаушылар кедергісіз өтеді. Бірақ қызметкерлердің тізімін жергілікті әкімдікке жіберу қажет. Блокпосттар апаттық құтқару қызметтері мен жедел-жәрдем автомобильдері үшін ашық болады. Қала ішінде тұрғылықты мекенжайынан жұмыс орнына дейін және кері қайту үшін жұмыс берушіден анықтама болуы қажет. Қоғамдық көліктер тек дүйсенбі-жұма аралығында сағат 06.30-дан 22.00-ге дейін жұмыс істейді», – деді Петропавл қаласының әкімі.

Болат Жұмабековтың айтуынша, Петропавлда медициналық ұйымдар, азық-түлік емес дүкендер мен базарлар, азық-түлік дүкендері, қызмет көрсету және туризм саласының нысандары, спорт мекемелері, қоғамдық тамақтандыру нысандары, білім беру мекемелері, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен Call орталықтары жұмыстарын жалғастырады.

Алматыда карантин туралы жаңа қаулы жарияланды

Қазақстанда екі мегаполис пен төрт облыс «сары» аймақта тұр – ДСМ

Карантин туралы жаңа қаулы жарияланды

Алайда, олардың жұмыс уақыты шектеулі болмақ.

Сондай-ақ ол коронавируске қатысты қалалық әкімдікте call орталықтың жұмыс істейтінін еске салды, оған 87152 35 00 17 телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады.

 

 
Тегтер: блокпосткарантинПетропавл
Алдыңғы жаңалық

Атырауда қос азаматтығы бар тұрғынға 500 мың теңге айыппұл салынды

Келесі жаңалық

ДДСҰ жаңа пандемияға дайындалуға шақырды

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан
Жаңалықтар

Қазақстандық танымал әнші жол апатына түсті

Наурыз 7, 2021
ауа
Қазақстан

Қазақстанның кей аумақтарында жолдар ашылды

Наурыз 7, 2021
бокс
Жаңалықтар

Боксшы Сабырхан Махмұд халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

Наурыз 7, 2021
нәресте
Әлем

Ұшықтың кесірінен бір жасар нәресте өле жаздады

Наурыз 7, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық танымал әнші жол апатына түсті

Наурыз 7, 13:58

Қазақстанның кей аумақтарында жолдар ашылды

Наурыз 7, 13:28

Боксшы Сабырхан Махмұд халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

Наурыз 7, 12:50

Ұшықтың кесірінен бір жасар нәресте өле жаздады

Наурыз 7, 12:18

Жасөспірімді құтқарамын деп 9-қабаттан құлаған полицейдің жағдайы ауыр

Наурыз 7, 11:45

Атырау облысы «сары» аймаққа енді

Наурыз 7, 11:16

Елімізде коронавирус пен пневмониядан 9 адам көз жұмды

Наурыз 7, 10:45
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Қазақстан

Қазақстандық танымал әнші жол апатына түсті

Наурыз 7, 2021
ауа

Қазақстанның кей аумақтарында жолдар ашылды

Наурыз 7, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»