«Қазгидромет» РМК 7 қараша күні ауа райының бұзылуына байланысты 7 өңірде ескерту жариялады. Күндіз Қызылорда облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады. Атырау облысының кей жерлерінде тұман болады. Солтүстік-батыс, батыстан жел соғып, күші 15-20 м/с жетуі ықтимал. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. тәулік бойы оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с артады. Жамбыл облысында кей жерлерде солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күшейеді.