Құрметті журналист өмірден өтті
Құрметті журналист өмірден өтті
143
оқылды

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның Құрметті журналисі Мағауия Сембаев өмірден өтті.

Мағауия Сембаев 1955 жылы 29 шілдеде Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Аққора ауылында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.
Небәрі жалындаған 25 жасында Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты атанған. Саналы ғұмырында отандық журналистиканың дамуына қосқан елеулі шығармашылық үлесі үшін бірнеше марапаттарға, 2017 жылы Қазақстан Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығына ие болды.

Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Қарағанды облысы бойынша меншікті тілшісі, Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің жауапты хатшысы, бас редактордың бірінші орынбасары, бас редактордың міндетін атқарушы, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде журналистика факультетінің аға оқытушысы қызметтерін атқарды.