Тұрғындарының 94,7 пайызы ауызсумен қамтылған
Тұрғындарының 94,7 пайызы ауызсумен қамтылған
301
оқылды

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Сы­байлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес пен партиялық бақылау комис­сиясының біріккен оты­ры­сы өтті. Жиында қалалық Энергетика және ком­муналдық шаруашылық басқар­ма­сының биылғы 10 айда атқарған жұмысы, Шым­кент қаласындағы ауызсумен қа­м­та­масыз ету жөніндегі бағдарламалардың іске асу барысы баяндалды.

Қазіргі таңда қала тұрғындарының 94,7 пайызында ауызсуға толықтай қол­же­тімділік бар. Биыл ауызсумен қамту бойын­ша 30 нысанның құрылыс жұмыс­тары жүргізіліп жатыр, жыл соңына дейін оның 20-сын аяқтау жоспарда тұр. Сон­дай-ақ тағы 34 мың тұрғын ауызсумен қам­тамасыз етіледі. Өз кезегінде басқар­ма басшысы Жолшыбек Шайхисламов Шым­кент қаласы тұрғындарына 2025 жыл­ға дейін ауызсу, табиғи газ және электр қуаты 100 пайыз қожетімді бола­тынын жеткізді. Отырыс барысында Тұран ықша­мау­да­ны тұрғындарының 2 қараша күні «КТК» телеарнасы мен әлеуметтік же­лі­лерде жариялаған шағымы қаралды. Ал­дағы уақытта халық наразылығын ту­дырған мәселелер оң шешімін табатын бол­ды. Атап айтқанда, «7-20-25» бағдар­ла­масы бойынша алынған көпқабатты үй­лердегі жылу, газ және ауызсумен қам­тамасыз ету және тұрғын үйдің ішкі-сыртқы сапасын жақсарту күн тәртібіне ен­гізілді.

Әбілмансұр ЖАСАН