Иракта халық жаппай ереуілге шығып, қақтығыс себебінен Умм-Каср кемежайы жұмысын тоқтатты және жолдар жабылды.
Премьер-министр Адель Абдул Махди қақтығысты тоқтатуды талап етіп, мұның ел экономикасына тигізер зардабы зор екенін айтқан еді. Өйткені теңіз арқылы аталған елге азық-түлік тауарлары жеткізіледі. Айта кетсек, елде орын алған жемқорлық пен жұмыссыздық ереуілге себеп болып отыр.