Фермерлерге бір қадам
Фермерлерге бір қадам
152
оқылды

Түркістан облысы Келес ауда­нында «Фермерлерге бір қадам» ак­циясы өтті. «Nur Otan» партия­сы Келес аудандық филиалы ұйым­­дас­тырған науқанға Ошақ­ты ауылдық округі фермерлері мен шаруа қо­жалық иелері және ауыл шаруашылығы бизнесін  бас­­таймын деген жастар қатыс­ты.

Акцияда партияның аудандық фи­лиал кеңесшісі Н.Айдаров семинар-кеңес түрінде өтетінін, әр сала бойынша аудан­дық дербес бөлімдер мен мекеме бас­шы­лары өз салалары бойынша фермерлер мен шаруа қожалықтарына мемлекет та­ра­пынан көрсетілетін қолдаулар жайлы баяндайтынын, тиісті сұрақтар болса қою­ға болатынын жеткізді. Кездесу барысында Келес аудандық кә­сіпкерлік және ауыл шаруашылығы бө­лімінің басшысы Е.Әбішев асылтұ­қым­ды мал өсіруді субсидиялау жайын, ауыл­шаруашылық техникасының несие кө­лемі 10 пайызға, техника құны 25 пайыз­ға субсидияланатынын мәлімдеді. Ошақ­ты ауылдық округі әкімдігінің са­лық инспекторы Т.Орынбаев шаруа қо­жалықтары, фермерлер мен кәсіпкерлер 2020 жылдан салық заңнама нормаларына бай­ланысты салықтан 100 пайыз  боса­ты­латынын айтты. Кәсіпкерлерге қызмет көр­сету орталығының маманы Р.­Орын­бек «Игі­лік», «Кәсіпкер», «Еңбек», «Қа­ра­пайым зат­тар экономикасы» бағдар­ла­масы ая­сында мемлекет тарапынан көр­сетіліп жат­қан қолдау жайын сөз етті. Ак­цияда шаруалар тарапынан қойылған сұрақ­тарға толыққанды жауап берілді.

А.ЖАСАНҰЛЫ