Әлемді шарпыған пандемия елімізге белгілі композитордың екінші шығармашылық тынысын ашқан секілді. Бұған дейін «Коронавирус! Кет! Кет! Кет!» деп аластаған Марат Омаров енді «Маска тақ!» деген әнін шырқай бастады.
Жаңа әнді жазудағы әншінің мақсаты – көпшілікті карантин талаптарын сақтауға шақыру болса керек. Сазгер бұл шығармасын бір топ қыз-жігітпен қосыла шырқады. Масқа таққан топ әнге қосыла арасында би де биледі. Әннің сөзі: «Надевайте маски, маска киіңдер! Бетпердені тағып, жауып жүріңдер! Біз біргеміз әрқашан, бәріміз бірге, Біз сенеміз алда, бақытты күндер» деп келеді. Бұл әнін Марат Омаров челлендж жоба ретінде ұсынып отыр. Қазақша-орысша аралас айтылатын бұл әннің қандай танымалдыққа ие болатынын уақыт өткізер. Ал бұған дейінгі «Коронавирус! Кет! Кет! Кет!» әні ел ішіне тез тарап кеткен еді. Тіпті, кейбір шетелдіктердің де бұл әнді шырқап жүргенін естігенбіз. Марат Омаровтың өзі осы әннің арқасында АҚШ-тағы қайырымдылық концертіне шақырту алғанын хабарлаған еді. Сол кеште ол осы әнін шырқамақ екен. Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды. Композитордың ол концертке барған-бармағаны белгісіз.Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ