Қазақ әніне 25 мың TikTok түсірген

Қазақ әніне 25 мың TikTok түсірген

Үндістандық TikTok пайдаланушылары арасында қазақ­стандық әнші Бейбіт Қорғанның «Шоқ қыздар» әні кеңінен танылды.  Бұл әнге үндістандықтар 25 мыңнан астам бей­нежазба түсірген. Олардың ең қызықты дегендері Instagram желісінде жарияланып отыр.

Деректерге қарағанда, бұл әнге роликті әлеуметтік желіде алғашқы болып мотоцикл жүргізушісі Мохаммед Рошан есімді пайдаланушы жариялаған. Қазір оның 600 мыңға жуық оқырманы бар. Блогер видеода түрлі трюк жасайды.

Гүл БЕКЗАТ