Мал ұрлаған қылмыскерлер қолға түсті
Мал ұрлаған қылмыскерлер қолға түсті
162
оқылды

Алматы облысында мал ұрлығымен айналысқан 59 қылмыстық топтың мүшелері қолға түсті. Бұл туралы ҚазАқпарат жариялады.

Полицейлер қылмыскерлердің 130-дан астам мал ұрлығына қатысы барын бұлтартпас айғақтар арқылы дәлелдеді. Биыл аталған облыста 700-ге жуық қолды болған малды иелеріне қайтарылып, 80 миллион теңгеге жуық материалдық шығын өндірілді.