Партиялық бақылау комиссиясы Жаңақорғанда
Партиялық бақылау комиссиясы Жаңақорғанда
137
оқылды

«Nur Otan» партиясы Партиялық бақылау комитетінің 2020 жылғы 22 қазандағы №002-13 қаулысына сәйкес, облыстық партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комис­сиясының Жаңақорған ауданында көшпелі отырысы өтті.

Отырыста аймақ тұрғындарын таза ауызсумен қамтамасыз ету мақсатындағы мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында жүзеге асырылып жатқан жоба­лардың орындалу барысы ту­ралы облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылығы басқармасы бас­шысының орынбасары Ерлан Жоламановтың есебі тыңдалды. Басқарма басшысы орын­басарының айтуынша, бағ­дарламалар аясындағы жобалар уақытында жүзеге асырылуда. Алайда «Талап-Сырдария» то­раптық су құбыры құрылысы жо­басы аясында тұрғындарға мерзімінде су жеткізу қаупі туын­дап отыр. Нысанды аяқтау мерзімі Су ресурстары комитеті мен «Қаз­сушар» РМК арасындағы келісімшартқа сәйкес 2020 жылғы қараша айына жоспарланған. Осы жобамен Талап бас су өндіру кешені аумағында бір сызықта небәрі 350 метр қашықтықта 8 ұңғыма бұрғыланды. Ұңғымалардың бір-бірінен ара­қашықтығы 50 метрден аспайды. Соның салдарынан қазылған ұңғымалардан жобада қаралған сағатына 65 текше метр дебиттің орнына сағатына не­бәрі 35-40 текше метр су шы­ғуда. Сондықтан осындай де­битпен алдағы уақытта 27 ауылға су жеткізе алмау қаупі бар, – деді басқарма басшысының орын­басары Ерлан Жоламанов. Зерделеу жұмыстары аясын­да барлық мәселені көзбен көр­ген партиялық бақылау ко­мис­сиясының мүшелері жоба бойынша туындаған мәселені бақылауға алып, тиісті жұмыс­тарды қолға алады.

А.ЖАСАН