Шығыстың екі қаласы ауыл қатарына қосылады
Шығыстың екі қаласы ауыл қатарына қосылады
110
оқылды

Шығыс Қазақстан облысында алты аудандық маңызы бар қала бар. Соның ішінде екеуі өз мәртебесіне лайық емес деп танылып отыр.

YK-news.kz мәлімдеуінше, заңнамаға сәйкес, аудандық маңызы бар қалаларға тұрғындар саны 10 мың адамнан кем болмауы керек екен. Ал бүгінгі таңда Серебрянск қаласында – 8 245 адам, Шар қаласында 6 541 адам тұрады. Сондықтан осы екі қала өлшемге сәйкес келмейді. Бұл жайында ШҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәлімдеді.

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» заңға түзетулер енгізіліп жатыр. Заң жобасында жергілікті өкілдік және атқарушы органдарға мәртебеге сәйкес келмейтін қала тұрғындарының пікірін ескере отырып, ҚР Үкіметіне қаланы ауылға өзгерту жөнінде ұсыныстар енгізуге құқық беріледі», - деп нақтылады ведомстводағылар.

Сол себепті де жақын арада бұл қалалар ауылға айналуы мүмкін. Мысалы, Серебрянск қаласы – ШҚО Алтай ауданындағы Ертіс өзені мен Өскемен су қоймасының оң жағалауында, Үлбі жотасының оңтүстік беткейінде орналасқан. Қала мәртебесін 1962 жылы берілген. 2009 жылғы санақ бойынша, қалада 10 129 адам тұрып жатқан. Шар қаласы – ШҚО Жарма ауданындағы Шар өзенінде орналасқан (Ертіс тармағы). 2009 жылғы санақ бойынша қалада 8 156 адам болған.