Өскемен тұрғыны көршілерін өрттен құтқарып қалды
Өскемен тұрғыны көршілерін өрттен құтқарып қалды
ҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, «Восточник-1» саяжай қоғамдастығындағы жер үйдің шатырынан өрт шыққан. Сол кезде түтінді байқап қалған көрші Владислав Кудинов дереу өрт шыққан жаққа қарай ұмтылып, үй ішіндегі отбасы мүшелерін оятып, оқиға орнына өрт сөндірушілерді шақырды. «Жалын шарпыған жалпы аумақ 40 шаршы метрге жеткен. Өртті ауыздықтауға 8 адам мен 2 автоцистерна жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі әлі анықталу үстінде», - деп хабарлады ведомство өкілдері. Осы ретте, ТЖД тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.