Тараздық қыз жетім балалардың ақшасын ұрлап кетті

Тараздық қыз жетім балалардың ақшасын ұрлап кетті

Polisia.kz мәлімдеуінше, пәтер алуға көмектесемін деп алдаған 25 жастағы бойжеткен жетім балалардан 3 миллионнан 6 миллион теңгеге дейін ұрлаған. Бұған дейін де ол 5 рет алаяқтық жасағаны анықталған. «Облыстық Жастар үйінің түлегі болған күдікті мемлекеттің жылжымайтын мүлік сатып алуға бөлген ақшасын осы мекеменің есепшотынан жымқырған», - делінген хабарламада. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция істің барлық мән-жайын анықтап жатыр.