Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанға барды
Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанға барды
5,141
оқылды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысына жұмыс сапары аясында бүгін және ертең қаладағы құрылыс жұмыстарымен танысады, деп жазды Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында.

«Түркістан – түркі әлемінің алтын бесігі. Былтыр бұл шаһарға жаңа мәртебе берілді. Түркістан қаласы мен осы өңірдің дамуы қашанда Елбасының жіті назарында. Нұрсұлтан Назарбаев бүгін және ертең еліміздің рухани астанасында қарқын алған құрылыс жұмыстарымен танысуды жоспарлап отыр»,– деп жазды Айдос Үкібай.