Жатақхананың бір бөлмесіне 700 адам тіркелген
Жатақхананың бір бөлмесіне 700 адам тіркелген
121
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласында 18 шаршы метр жатақхананың бір бөлмесіне шамамен 700-ге жуық адам тіркелгені анықталды. Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментіннің мәліметі бойынша,  үй иесі жатақханада тұрмаған адамдарды тіркеп отырған. Ал полицейлер көп адам тіркелген бөлмені талай рет тексергенмен, тұрғындарды анықтау мүмкін болмады. Өйткені, бөлме бос тұрған, көршілері ешкім тұрмайтынын айтқан. Тәртіп сақшылары бөлме иесін іздестіріп жатыр. Оған әкімшілік жаза қолданылатын болады. Полиция департаменті Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтарына мұқият болуды ескертеді. Жарнама және жалған мекенжайларда тіркелмеуін сұрайды.