Конело спорттық мансабын аяқтауы мүмкін
Конело спорттық мансабын аяқтауы мүмкін
172
оқылды

Сауль Канело Альварес промоутер Оскар де ла Хойямен және оның Golden Boy Promotions компаниясымен серіктестігін аяқтады. Сондай-ақ, Канелоның DAZN стримингтік қызметімен келісімнен шыққандығы белгілі болды.

Альварес Golden Boy Promotions компаниясымен келісімшартты бұзған. Сонымен қатар, Канело DAZN стримингтік қызметімен келісімшарттан шықты. Канелоның DAZN-нан кетуі нәтижесінде мексикалықтың қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жегі болмауы мүмкін. ESPN журналисі Бен Бэйби осындай алаңдаушылық білдірді. Оның айтуынша, Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің үшінші жекпе-жегі мексикалықтың әрекеті салдарынан ақыры бұзылуы мүмкін. Осыған қарамастан, сарапшылар 2021 жылы Канело Геннадий Головкинмен көптен күткен үшінші жекпе-жегін өткізеді деген үмітті жоғалтпайды. Естеріңізге сала кетейік, Канелоның соңғы жекпе-жегі 2019 жылдың қараша айында өткен болатын, сол кезде ол жартылай ауыр салмақтағы чемпион Сергей Ковалевті нокаутқа жіберіп, екі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды. Геннадий Головкин рингке бір жылға жуық уақыт шықпады. Соңғы рет оның қарсыласы украиналық спортшы Сергей Деревянченко болды. Жекпе-жек толық 12 раундқа созылып, төрешілердің шешімі бойынша жеңіс қазақстандыққа берілген.