Нұр-Сұлтанда селфи жасамақ болған адам көпірден құлап кеткен
Нұр-Сұлтанда селфи жасамақ болған адам көпірден құлап кеткен
102
оқылды

7 қараша күні полицияға Атырау көпірінен ер адам құлап түсті деген хабарлама түскен.

Жағдайдың мән-жайын анықтау барысында полицейлер 22 жастағы жігіттің селфи жасап жатқан кезде өзенге құлап кеткені анықталды.

«Қуанышымызға орай, жас жігіт жағалауға өзі жүзіп шығып, ешқандай жарақат алмаған. Дегенмен елге айтарымыз, селфи жасау кезінде қауіпсіздік шараларын ескерген жөн. Өйткені кейбір экстремалды фотосуреттер адам өмірін әкетуі де мүмкін», - дейді полиция.